Енді бренд зат тардың түп нұсқасы мен көшірмесін анықтау оңай
- author «Ақ жол»
- 30 қыркүйек, 2019
- 715
Entrupy стартапын жасаушылар қымбат заттардың түпнұсқасы мен көшірмесін анықтай алатын жасанды интеллект ойлап тапты. Бұл туралы baq.kz порталы Hypebeast ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Entrupy – бұл жасанды интеллект алгоритімімен жұмыс істейтін қосымша. Қалтаға салып жүруге болатын бұл құрылғымен сауда орындарында кең тарап кеткен заттардың көшірмесін анықтауға болады.
Қандай да бір бренд затты алар кезінде тауарды сканерлеу қажет, мәселен, сөмкенің логотипін, жазуларын, белгісін фотоға түсіресіз де қосымшаға саласыз. 4 секундтың ішінде ол заттың түпнұсқа немесе көшірме екендігін анықтап береді. Құрылғыны ойлап табушылардың айтуынша, қосымшаның нәтижесі 99 пайызға дәл келеді. Қазір қосымша тек 15 брендтің заттарын анықтай алады, олардың қатарында Balenciaga, Chanel, Dior, Fendi, Gucci, Hermès и Louis Vuitton сияқты әлемге әйгілі компаниялар бар. Алдағы уақытта бұл стартап үкіметтік ұйымдар мен сауда желілерімен де ынтымақтаса жұмыс істемек.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




