НАҒЫЗ КӨШБАСШЫ
Әлем тарихында өз елінің өмірін түбегейлі өзгерткен ірі тұлғалар баршылық. Солардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаевтың да ойып орын алатыны анық. Елбасының Қазақстан тарихында айрықша орны бар тұлға екені қазірдің өзінде уақыт сынынан өтіп, айқындалды. Облыстық тарихи -өлкетану музейінде Елбасының ересен еңбегіне арналған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көрмесі ашылғаны өңір тұрғындары үшін қуанышты жағдай.
Елбасы Кремльдің күші кемелінде тұрған кезде, 1989 жылдың тамыз айында Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешімі барлық жағынан өзін-өзі ақтады. Шынында да егер тәуелсіздік жолына түскен алғашқы сәтінде Қазақстан әлем сахнасына қолында ядролық қаруы бар мемлекет ретінде шыға келген болса, сөз жоқ, біздің республикамыз халықаралық оқшаулыққа түсетін еді. Қазақстан ядролық қарудан бас тартпаған жағдайда біздің мемлекетімізге әлемнің сан түрлі елдерінен құйылған инвестициялар туралы әңгіме де болмас еді.
Ең бастысы, Нұрсұлтан Назарбаев тұрғылықты халықтың үлесі 40 пайызға жетпеген кезде (тәуелсіздік қарсаңында қазақтардың саны жалпы халықтың 39 пайызы ғана болған) тәуелсіздікке ың-шыңсыз қолымызды жеткізген тарихи тұлға. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізді өзі жүргізген көпвекторлы сыртқы саясатының арқасында барлық елдермен тату мемлекетке айналдырды. Көптеген ірі елдер ғасырлар бойы шеше алмаған түйінді шешті. Атап айтқанда, Қазақстанның айналасындағы барлық елдермен шекараны шегендеді. Сөйтіп, біздің болашақтағы ұрпақтарымыздың қамсыз өміріне кепіл болатындай жағдай жасады. Қазақтың қасиетті төрі Арқаға ел астанасын көшіріп, жаңа қаланың бой көтеруі, астанамен бірге барлық облыс орталықтарының түлеуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы, өңірлердің өркендеуі Тұңғыш Президенттің ерен еңбегі.
Алуа СЕЙДАХАНҚЫЗЫ,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
экономикалық пәндер ПӘК төрайымы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді