Елі сүйген Елбасы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көрме ашылғаны белгілі. 5 қыркүйекте көпшілік назарына ұсынылған көрме қазан айының соңғы күндеріне дейін жалғасады деп жоспарлануда. Газетіміздің бүгінгі санынан бастап «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты жаңа айдар аясында аталмыш музейдегі Ұлт Көшбасшысының тұлғасын асқақтататын құнды жәдігерлердің суреттерін жариялауды бастадық.
Талантты перзенттің табелі
Елбасының 1957-1958 оқу жылдарындағы білімін бағалайтын табелі. Бұл құжат Нұрсұлтан Әбішұлының бала күнгі зеректігінің куәсі болуымен маңызды.
АНТ ПЕН КУӘЛІК Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 1991 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан халқына берген Анты қағазға түсіріліп, сақталыпты.
Тұңғыш Президенттің 2015 жылдың 29 сәуірінде Орталық сайлау комиссиясы төрағасының қолынан алған «Қазақстан Республикасының Президенті» куәлігі де қазіргі таңда тарихи құжатқа айналған.
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ жазу мәшеңкесі 1990 жылы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің сессиясында Қазақ ССР Президенті болып сайланған Нұрсұлтан Әбішұлы осы жазу мәшеңкесін пайдаланған. Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының егемендігі туралы декларация қабылдансын» деген қаулысы 1990 жылы 25 қазанда алғаш рет осы мәшеңкемен басылып шыққан.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі
қызметкерлерінің көмегімен әзірлеген
Есет ДОСАЛЫ.
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді