«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сингапурде... мұғалім сыйлы

Сингапурде... мұғалім сыйлы
ашық дереккөз
Сингапурде... мұғалім сыйлы

Сингапурде мұғалім ең сыйлы мамандықтардың бірі екен. Осы елге барған іссапардан кейін осындай ой түйдім. Жалпы, педагог болған соң ба, сапар мақсаты басқа болса да шетелге шыққанда сол елдің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерін бақылап жүру әдетке айналған. Сингапурдегі оқыту үрдісінің артықшылықтарын, салада неге басымдық берілетінін көкейге мықтап түйіп алуыма түрткі болған себеп осы. Сингапур елінде мұғалім жұмысының сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Онда мектепте оқыту сапасын арттыру үшін үш нәрсеге басымдық беріледі екен. Біріншісі – мұғалімдікке лайық адамдарды тарту (себебі білім беру жүйесінің сапасы осы салада жұмыс істейтін адамдардың қабілетіне тікелей байланысты болады), екіншісі – осы адамдарды шебер педагогтарға айналдыру (оқу нәтижесін жақсартудың бір тәсілі – оқыту сапасын жақсарту) болса, әр баланың жоғары деңгейде білім алуына қолдау көрсету – түпкі нәтижеге жетудің үшінші жолы болып саналады. Ол жақта ұстаздықты таңдағандардың тіл және математикалық сауаттылығы, жеке адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысы және оқу мен оқытуға деген ынтасының жоғарылығы басты назарға алынады. Сондай-ақ, педагог біліміне қойылатын академиялық талаптар да қатал. Барлық мұғалімге жыл сайын жүз сағаттық кәсіби біліктілікті арттыру курсынан өту міндеттелген. Бұл елдің білім беру жүйесі де ұзақ жылдар бойы қалыптасу кезеңін бастан өткерген. Тек, 1995 жылға қарай Сингапурдың мектеп жүйесі – дүние жүзіндегі ең табысты жүйелердің бірі деп танылды.

Есенкүл Қохаева, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының директоры.

Ұқсас жаңалықтар