Бас прокуратура қылмыстық-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту, азаматтардың бас бостандықтары мен құқықтарын қорғау мақсатында «Полициядағы кезекші прокурор-азаматтар құқығының кепілі» атты жобаны енгізгені белгілі. Облыстағы әрбір полиция бөлімінде орналасқан «Кезекші прокурордың кабинетіндегі» прокурорлар қылмыстық іс жүргізуде азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайды. Олар – кәсіби дайындығы жоғары, тәжірибелі прокуратура қызметкерінен жасақталады. Полиция бөлімдеріне жеткізілген тұлғалардың жеткізу заңдылығын және заңда көрсетілгендей үш сағаттан астам уақыт ұсталмауын бақылап, кінәсіз тұлғаның босатылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, полиция бөлімінің арыздар мен хабарламаларды электронды тіркеу базасына тұрақты қадағалау жүргізіп, тіркелген құжаттар бойынша үш күн ішінде тиісті шешімнің қабылдануына ықпалын тигізуде. Кезекші прокурордың кез-келген заңдылықтың бұзылуына және азаматтарды қабылдай отырып олардың тапталған құқығын дер кезінде қалпына келтіруге жедел шара қолдануға, заңсыз жеткізілгендерді өз қаулысымен шұғыл босатуға, азаптау жайттары бойынша қылмыс іздерін бекітуге мүмкіндігі бар. Дерекке жүгінсек, өткен жылы осы жоба бойынша – 44, биылғы алты айда 35 тұлғаның конституциялық құқығы қорғалды. Жалпы, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды, заңдылықты одан әрі күшейту, кезекші прокурорлардың ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерімен өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру мақсатында Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің бірлескен бұйрығымен «Облыс орталықтарының және ірі қалалардың ішкі істер органдарында келушілерді электрондық есепке алудың тәртібі жөнінде» нұсқаулық бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Михти НАЗАРОВ, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды
- 3 наурыз, 2026
Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




