Украина Президенті Петр Порошенко 26 тамызда Минскіде Қазақстан, Ресей, Беларусь басшыларымен және Еуропалық комиссия өкілдерімен кездесуге келісті. Кездесуде Украина мен Еуропалық одақ арасындағы Келісімді орындаумен байланысты мәселелер, энергетикалық қауіпсіздік және Донбастағы ахуалды тұрақтандыру мәселелері талқыланады. Ресей Президенті В.Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың хабарлауынша, Минскіде Кеден одағы елдерінің жетекшілері Порошенкомен Киевпен өзара әрекет ету жайын талқылайды. «Еуразиялық үштік» жетекшілері телефон арқылы әңгімелесу барысында Украинамен арадағы экономикалық қатынастардың жаңа жағдайда дамуымен байланысты мәселелерді бірнеше рет талқылаған болатын. Жуырда Беларусь Президенті Александр Лукашенко өзінің және Қазақстан мен Ресей басшыларының Украина Президентімен кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді. 19 тамыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозудың телефон әңгімесі барысында Еурокомиссия Төрағасы биылғы 26 тамызда Минскіде Кеден одағы елдері, Украина және Еуропалық одақ кездесуін өткізу туралы Қазақстанның ұсынысын қолдады. Қажет болған жағдайда сондай кездесуді Астанада өткізу туралы уағдаластық жасалды. Телефон арқылы сөйлесу еуропалық тараптың бастамасымен жүзеге асты.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




