Түркістандық кәсіпорын шұбаттың құрғақ түрін шығара бастады. Бұл жалпы құны 7,5 миллиард теңге болатын Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы, деп хабарлады 24.kz сайты.
Зауытта күніне 100 тонна шикізат алынып, құрғақ сүт арнайы ыдыстарда сақталады. Бір құтыға 330 грамм ұнтақ салынады. Оны сумен араластырып, 3 литр шұбат алуға болады. Қажетті шикізат жергілікті түйе шаруашылықтарынан сатып алынады. Қазір Түркістан облысында 500-ден астам кәсіпорын азық-түлік өндірісімен айналысады.
«Бұл цех қазіргі ең соңғы заманауи техникамен жабдықталған, толықтай автоматтандырылған. Барлық құрылғылар цифрлық технологиямен басқарылады. Цехтың негізгі міндеті – сүтті қабылдап алғаннан кейін өңдеу процестерін жүргізу. Сүт сеператормен тазаланады. Одан кейін пастерилизация жүргізіледі. Ең соңында таза сүтті келесі цехқа жіберіп, сосын ұнтақ қылып шығаруға дайындаймыз», – дейді өңдеу цехының жұмысшысы Аршын Ғабиден.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




