
Арыстан келген балалар облысымызда орналасқан жазғы лагерьлерде демалуда. Нағыз жаз қызығы қызған кезде табиғат аясындағы сауықтыру орталықтарында бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан жеткіншектерге арнап мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастыруда. Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен Қазақстан ардагерлері «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі, «ҮшБас» спорттық асық ойыны жақында Жамбыл ауданындағы «Рауан» балалар сауықтыру лагеріне барып, жасөспірімдердің көңілдерін көтеріп қайтты. – Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай ешбір қазақстандықты бейжай қалдырмады. Көпшілік «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бұл қиындықты бірге көтеруде. Біз де сауапты істен құр қалмауға тырысып бағудамыз. Бұл – біздің тарапымыздан Арысқа көрсетіліп отырған бірінші қайырымдылық шарасы емес. Бұл шараның негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық ойындарымыз арқылы тәлім-тәрбие беру, жастардың өз еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухта тәрбиелеу, – дейді облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» директоры Бауыржан Мөрбеков. Іс-шара барысында балалар түрлі ұлттық, топтық ойындар ойнап, жүзден жүйрік шыққан жеткіншектер дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жасөркен ауылы, Жамбыл ауданы.
Эльвира Жарылқасынова
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді