Үкімет басшысы жамбылдық құрылысшылар еңбегіне жоғары баға берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Арыс қаласына арнайы келді. Қаланы қалпына келтіру бойынша өңірлердің штаб жұмыстарын барлаған Үкімет басшысы облыстың штабына да бас сұқты. Штабтың белсенділігін, жамбылдық құрылысшылардың жемісті жұмысын атап өтіп, жоғары бағасын берді. Сондай-ақ өзге де өңірлердің штабтарының жоспарлы шараларымен танысқан Асқар Ұзақбайұлы қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақтылы әрі сапалы орындалуы керектігіне көңіл бөлді.
Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша облыстың штабы жемісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде бұл күнге дейін 21 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сондай-ақ қазіргі таңда жамбылдық 300-ден астам құрылысшы 180 жеке тұрғын үйдің бөлшектеу жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін xабарлағанымыздай, өңірімізге тиесілі бөліністе 11 көше бар. Онда 312 жеке тұрғын үй, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан анықталған. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйлердің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары жүргізілді. Қираған 3 үйдің екеуі қайта соғылып, біреуі толық жаңғыртылмақ. Қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде. Сонымен қатар жамбылдықтардың Арысқа гуманитарлық көмек көрсетуі әлі де жалғасуда. Жуырда ғана Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясынан ондағы құрылысшылар мен жергілікті тұрғындар үшін азық-түлік жөнелтілді. Демеушілердің есебінен үш «КамАЗ» автокөлігіне тиеліп жіберілген азық-түлік өнімдерінің құрамында картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, күріш, сиыр еті, ауызсу, макарон, сұйық май, алма, шұжық және 16 тонна ұн бар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді