Елімізде құрылған «Қазақстан-2050» қозғалысы бүгінде түрлі қоғамдық күштердің бірігу алаңына айналып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде аталған жалпыұлттық қозғалыс кеңесінің төрағасы Данат Жұмин мәлім етті. Оның айғақтауынша, қозғалыс жобаларына республикамыздағы барлық саяси партиялардың өкілдері белсене атсалысуда. Оның жұмысына жекелеген азаматтармен бірге, республикалық және өңірлік деңгейдегі ірі-ірі үкіметтік емес ұйымдар да қосылуда.
«Қозғалыс құрылғалы бері арада өткен алты ай уақыт аралығында «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған 16 жоба қолға алынды. Бүгінгі таңда солардың төртеуі аяқталды. Қалған 12 жоба жүзеге асырылу үстінде», — деп атап көрсетті төраға өз сөзінде. Данат Жұмин аталған жобалардың азаматтық бірлік пен жауапкершілікті нығайтуға, отандық экономиканы дамытуға, білім сапасын күшейтуге және өңірлерді теңгерімді дамытуға бағытталғанын атап көрсетті. Ол, сондай-ақ, қозғалыстың әртүрлі салаларда әртүрлі әлеуметтік топтармен бірлесіп жұмыс істеуге күш жұмылдырып отырғандығын, нәтижесінде жобаларға ересектердің де, балалардың да кеңінен атсалысып келе жатқандығын, ағымдағы жылдың бірінші тамызына дейін қозғалыс жобаларына қатысушылар санының 140 мың адамнан асқандығын, қазіргі қарқынмен жылдың соңына дейін олардың қатары кем дегенде 300 мыңға жуық адамды құрайтындығын баян етті.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді