Облыс орталығы Тараз шаһарының шырайын кіргізіп, келбетін көріктендіру мәселесі күн тәртібінен бір сәт те түскен емес. Қазір көптеген қала көшелерінде жолдарды, жылу және газ тарату жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар көше қиылысындағы бағдаршамдарды ретке келтіруге де тиісті қаржы бөлініп, қыруар жұмыстар атқарылуда. Дегенмен қала ішіндегі жөндеу жұмыстары тұрғындардың еркін жүріп-тұруына, көлік қозғалысына ешқандай зиянын тигізбеу керек. Бұл – облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы. Өңір басшысы жүктеген бұл міндет қандай деңгейде орындалуда? Кемшін тұсы бар ма? Болған жағдайда олқылықтың орнын толтыру үшін не істеу керек? Міне, осы мәселелер облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында жан-жақты қаралды. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов келтірген мәліметтерге сүйенсек, жоспар бойынша биыл қалада 9,307 шақырым жер қазу жұмыстары жүргізілу керек екен. Бүгінге дейін жоспар 79,5 пайызға орындалған. Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұржан Алдамжаровтың айтуынша, жер қазу жұмыстарын жүйелі жүргізуге жол-көлік қозғалысы айтарлықтай кедергі келтіріп тұрған көрінеді. Дегенмен кінәліні алыстан іздеудің керегі жоқ екенін айтқан облыс басшысы жұмысты жүйелеп, туған қаламызға жанашырлықпен қарауға шақырды. Ешқандай кедергі туындатпас үшін мүмкіндікке қарай қажет болса 50-100 метрден қазып, көп ұзатпай оның орнын тегістеу керектігін ескертті. Ал газ тарату жүйелерін жаңғырту бойынша жоспар 37,36 шақырым болса, 8,86 шақырымға жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген. Жоспар 73, 3 пайызға орындалып отыр. Асқар Исабекұлы газ құбырынан кейінгі асфальт жолдарын қалпына келтіру жұмыстарында шикілік болмауын қатаң тапсырды. Себебі сапасыз жұмыстың зардабын ертең қарапайым тұрғындар тартады. Мұнан кейін 99 көше қиылысындағы бағдаршам, жол белгілерін, таймерлерді, аншлагтарды біріздендіру мәселесі қаралды. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстарға 200,410 миллион теңге қаралған. Мердігер – «Газ-Сервис» ЖШС. Жалпы, облыс орталығында 136 көше қиылысы болса, бүгінге дейін 89 көше қиылысындағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталған. Сонымен қатар өңір басшысы жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше назар аударып, ретке келтіруге тиісті кемшіліктің көп екенін жеткізді. Мәселен жол белгілерінің дұрыс қойылмайтынын, бағдаршамдар жұмысындағы жүйесіздікті жіпке тізген облыс әкімі облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиевке олқылықтарды ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ 1 қазанға дейін жоспарлы жұмыстардың толықтай аяқталуын тапсырып, бас инспекторларға бақылауды жүктеді. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Асқар Исабекұлы жалқаулыққа салынбай жұмыла жұмыс жасауға шақырып, көтерілген мәселелер бойынша бірқатар жауапты азаматтарға нақты тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді