Эйнштейннің құпиясы немесе «көрінбейтін адам» аңыз емес
- author «Ақ жол»
- 24 маусым, 2019
- 237
Альберт не айтқысы келді?
Салыстырмалылық теориясының негізін қалаушы Альберт Эйнштейн 1955 жылы 18 сәуір күні өмірден өтті. Қайтыс боларынан бұрын мейірбикеге әлденелерді ежіктеп айтқан көрінеді. Өкінішке қарай, америкалық мейірбике неміс тілін түсінбейтін болған. Оның өлер алдында не айтқысы келгені әлі де белгісіз, әлі де қызық. Өсиетіне орай, ғалымды жасырын жерлейді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол адамзаттың болашағын өзгертіп жіберетін белгілі бір қолжазбаларын өртеп жіберген. Альберттің айтуынша, бұл жаңалық адамдарға тек жамандық пен апат алып келетін болған. «Бұл қандай ғылыми жаңалық болуы мүмкін?» деген сұрақтың жауабын атақты ғалым өзімен бірге алып кетті. Бәрімізге белгілі, Альберт Эйнштейн атом бомбасының жасалуына қарсы болған ғалымдардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғыс басталар тұста АҚШ президенті Франклин Рузвельтке фашистерде «өте жойқын бомбаның жаңа түрі» пайда болу қауіптілігін айтып, сол бағытта АҚШ-та сондай зерттеулер жүргізу қажеттігін ұсынған. Бұл хат Манхэттон жобасының пайда болуына әкелген. Антигитлерлік коалицияны қолдаса да, жаңадан ойлап табылған атомдық бөлінуді қару ретінде қолдануды қош көрмеген. Ғалым сонымен бірге өмірінің соңына қарай біз фантастикалық фильмдерде көріп жүрген көрінбейтін адамның қалай бұл кейіпке енетіні туралы ғылыми тәжірибелер жүргізген. Бұл тәжірибелер нәтижесі адамзатқа пайдалы болмайтындығын білгеннен соң жойып жіберуге тырысқан көрінеді. Бірақ америкалық әскерилер қолжазбаның кейбір бөліктерін қолды еткен. Себебі америкалықтар 2016 жылдың ақпанынан бері дәл осы көрінбейтін сырт киім үстінде тәжірибелер жасап келеді. Сол уақытта өткізілген эксперименттер соңы қайғылы жағдайлармен аяқталған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Америка әскерилері соғыс майданында көрінбей әрекет ететін, дұшпан жеріне оның радарына ілікпей өтетін көрінбейтін кемелер мен ұшақтар жасауды армандайды және оған шындап кірісе бастайды. Нәтижесінде үлкен қуатқа ие электромагнитті құрылғы жасап шығарады. Олардың теориясының негізі – күн сәулесімен реакцияға түскен кез келген бұйым адам көзінен жоғалып, көрінбейтін қасиетке ие болады деген сынды болды. Мұндай міндетті үлкен ғалымға тапсырады. Аңыз ізімен
1943 жылдың қазан айында таңертең Филадельфияның әскери-теңіз базасының қорғалатын аумағына АҚШ әскери-теңіз күштері мен әскери-теңіз күштері бөлімінің ғалымдары «Кемпірқосақ» атты құпия экспериментті сынап көру мақсатында, «DE 173» нөмірлі «Элдридж» соғыс кемесін алдырады. Альберт Эйнштейннің әзірлеген бірыңғай өріс теориясы негізінде олар кемеге көзге көрінбейтіндей ететін электромагниттік жүйе негізінде жасалған генератор орнатады. Генераторды іске қосқанда кеме шынында да көзден ғайып болып, кеме орнына суда жасыл тұманданып ағып бара жатады. Филадельфиядағы Элдридж жоғалған кезде, көптеген адамдар оның кенеттен басқа базаның портында – Норфолкте пайда болғанын көрген. Ең жаманы, эксперимент салдары кеме экипаждары үшін ауыр болды. Теңізшілердің көбісі қайтыс болды, ал аман қалғандары дереу әскерден шығарылып, құпия ауруханада емделді. Бұл нәтиже АҚШ әскерлерін қауіпті зерттеулерден бас тартуға мәжбүр етті. Эксперименттің болғандығын Пентагон ресми түрде растамаса да, ол туралы алғашқы қауесеттер 1955 жылы пайда болды. Уфолог Морриса К.Джессуптың кітабында тәжірибе нәтижелері нақты баяндалған. Уфологтың айтуынша, бұл тәжірибеден соң кеме бортындағы аман қалған экипаждар өмірінде біртүрлі оқиғалар орын алған. Олардың кейбірі қабырғалардан оңай өтіп кететін қабілеттерге ие болған.
Қара құрдым
Бүгінгі физиктерге белгілі гравитацияның қатты тартылу күшінің нәтижесінде үлкен бұйымдар сығылып, қара құрдым пайда болады. Ғарыштағы бұл қара құрдымдарға кейде бүкіл бір галактика сыйып кетеді екен. Біздің заманымызда параллель әлемдер де ертегі емес. Кейбір ғалымдардың пікірінше, ғарышқа шықпай-ақ күшті гравитациялық қысым әсерінен сол әлемдерге өтіп кету мүмкін. Кейбір ғалымдар 1943 жылғы эксперимент нәтижесінде “Элдридж” кемесі осындай қара құрдым салдарынан көзден ғайып болып, басқа жерде пайда болуы мүмкін деген теорияны алға тартады. Эйнштейннің ғылымдағы басты еңбегі – салыстырмалылық теориясы. Бұл теорияның жасалуы нәтижесінде кеңістіктің, уақыттың және тартылыстың жаңа қасиеттері ашылды, олардың бір-бірімен байланыста болатындығы дәлелденді. Салыстырмалылық теориясы – жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын нысандар, атап айтсақ негізінен элементар бөлшектер, ғарыштық сәулелер мен күшті тартылыс өрісінде өтетін процестерді зерттеу үшін қолданылатын теорияға негізделген. Эйнштейн жарықтың кванттық теориясы, кездейсоқ процестер теориясы, магнетизм т.б. салалар бойынша да маңызды жаңалықтар ашып, зерттеулер жүргізді. Ғалымның салыстырмалық теориясының тұжырымдарын сол кезде кейбір ғалымдар мойындамағанымен, қазіргі кезде ол – жалпы жұртшылық мойындаған ілімге айналды. Бәлкім болашақта жарық жылдамдығына ие қозғалтқышы бар ғарыш кемелерінен гөрі осы қара құрдым арқылы жұлдызаралық саяхат жасайтын зымырандар дамиды. Себебі астроном ғалымдар адамдардың өмір сүруге мүмкіндігі бар ғаламшарларға аяғы жету үшін жарық жылдамдығындағы кемелерде саяхаттауы жеткіліксіз деп мәлімдеп отыр. Міне, сол кезде Эйнштейннің өзімен бірге алып кеткен құпиясының сыры белгілі болар. massaget.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді