«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңа бағдарламаның жобасы оңды екен

Жаңа бағдарламаның жобасы оңды екен
ашық дереккөз
Жаңа бағдарламаның жобасы оңды екен

Апта аралығында өткен «Нұр Отан» партиясының Сарысу аудандық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламасының жобасы қаралды. Кеңейтілген кеңесті аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Бегеев ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жемқорлықпен күрес жүргізудің жаңа инновациялық формаларын кеңінен қолдануға мүмкіндік беретіндігін, бұл ретте, әр партия мүшесінің сыбайластыққа қарсы әрекет етудің тиімді механизмдерін ойластыруға белсене атсалысуы тиіс екендігін атап көрсетті. Оның бұл пікірімен келісетіндігін білдірген аумақтағы №11 колледждің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Мыңбай Әбішев бағдарламада еліміздің өткен кезеңдегі жемқорлықпен күресте жинақтаған бай тәжірибесінің ескерілгендігін және оның мемлекет пен азаматтардың және қоғамдық ұйымдардың бірлескен күш-жігерін сыбайластыққа тосқауыл қоюға бағыттауды көздейтіндігін жеткізді. Ал аудандық филиал жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Мәлік Тоқтарбаев аталған бағдарламаның еліміздің одан әрі дамуына кедергі келтіретін жемқорлықты ауыздықтауға, қоғамда оған деген төзімсіздік көңіл-күй ауанының орнығып қалыптасуына ықпал ететіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, саяси кеңестің кеңейтілген отырысына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова қатысып, сөз сөйледі. Кеңейтілген отырыста сөз алып, пікір білдіргендердің қай-қайсысы да кез-келген қоғам мен мемлекеттік құрылым үшін аса қауіпті, ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай нұқсан келтіретін жемқорлық сияқты жегіқұрттың өрісін барынша тарылтуды көздейтін, оны тұқыртудың барлық ықтимал шараларын қарастырған партияның екі бесжылдыққа арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұзақ мерзімді бағдарламасын қолдап, мақұлдайтындығын білдірді. Нақтылы ұсыныс, пікірлерін ортаға салды. Партияның Сарысу аудандық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы күн тәртібінде қаралған өзекті мәселе бойынша тиісті қаулы қабылдады.

Жанна Жетенова, журналист.

Сарысу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар