«Тараз-Аренадағы» тағылымды бұрыш

«Тараз-Аренадағы» тағылымды бұрыш
ашық дереккөз
«Тараз-Аренадағы» тағылымды бұрыш

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тараз-Арена» спорт кешенінде арнайы бұрыш ашылды. Бәрінің сипаттамасы бүгінгі уақыт талабына сай латын графикасымен жазылған. Стендтің көлемі үлкен және көрнекті жерге орнатылған. Алыстан көз тартады. Бүгінде «Тараз-Арена» спорт кешенінде 112 адам еңбек ететінін, былтыр онда 1200 спортшы спорттың 16 түрі бойынша жаттыққанын ескерсек, бұл бастаманың өте орынды екенін түсінуге болады. Себебі спортшылар мен жаттықтырушылардың бойына патриоттық рухты сіңіру керек. Бұл – Мемлекеттік рәміздерге деген ерекше құрмет. Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айшықты символы. Бұл құндылықтарымыздың патриоттық тәрбие берудегі маңызы өте жоғары. Рәміздерді ардақтау – баршамыздың абыройлы борышымыз. – Спорт кешенінде облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар жиі өтеді. Оны әлемге есімі белгілі даңқты спортшылар, спортта жоғары нәтижеге жеткен еліміздің мақтаныштары келіп тамашалайды. Шетелден келген спорт жанкүйерлері мен спортшылардың да спорт сарайын аралап көруге деген қызығушылықтары жоғары. Сондықтан осындай еңселі жерде Мемлекеттік рәміздердің жарқырап көрініп тұрғаны өте дұрыс. Бұл бастама осында еңбек етушілердің және спортшылардың отаншылдық сезімін арттыратынына сенімім мол. Алдағы уақытта да патриоттық рухты оятатын шараларды көбірек жүзеге асыра беретін боламыз, – деді «Тараз-Арена» спорт сарайының директоры Нұрлан Саурықов. Бүгінде спорт кешенінде 3207 жас және 4779 тұрғын бассейн және жаттығу залдарында ақылы түрде жаттығуда.

Балым Өскенбай, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың 2-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар