Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім анимация» атты облыстық байқау өтіп, оған 50-ге жуық білім алушы қатысты. Оқушылар мен студенттердің ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін арттыруды көздеген шараның ашылу салтанатында облыстық «Рухани жаңғыру жобалық офисі» коммуналдық мекемесінің басшысы Серікбол Берікқожа сөз сөйлеп, балалардың киноматографияға деген қызығушылығын арттырудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Расында, еліміздегі кенжелеп қалған саланың бірі – анимация. Содан кейін ғой шетелдік туындыларға тәуелді болып отырғанымыз. Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардан қол үзе бастағанымызға да осының ықпалы бар. Сондықтан бұл бағытта тиісті жұмыстарды жүргізу қажет-ақ. Ал бұл конкурстың соған қозғау салады деген үміт мол. Облыстық «BILIM анимация» байқауында аталмыш саланың білікті мамандары басқарма жанынан құрылған «Білім берудің ақпараттық жүйесі орталығы» директорының орынбасары Жібек Тайғараева, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықтың қосымша білім беру педагогтері Ербол Әлімқұлов, Бахтияр Ошақбаев, Ольга Троянова, Серіжан Сағындықов қазылық етті. Байқаудың бас жүлдесін Жамбыл политехникалық колледжінің 3-курс студенті Михаил Халиулин жеңіп алды. І орын Шу ауданындағы Еңбекші орта мектебінің оқушысы Сабина Русланға бұйырды. ІІ орынды Тараз қаласындағы № 6 орта мектептің оқушылары Екатерина Фикс пен Адема Ахметова және Сарысу ауданынан келген Ахмадия Абдрахман иеленді. ІІІ орынды облыстық «Дарын» мектеп-интернатының оқушылары Нұрислам Биғазы мен Мұстафа Қуанышбек өзара бөлісті. Облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықтың директоры Шариякүл Қашқынова қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды, олардың жетекшілерін арнайы дипломдар және Алғыс хаттармен марапаттады.
Әйгерім ИЕМБЕРДИЕВА, облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




