Статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, бүгінде елімізге сүт өнімдерінің 70 пайызға жуығы шетелдерден тасымалданатын көрінеді. Республикада сүт өнімдері импортының үлесі өткен жылмен салыстырғанда әжептәуір өскен. 5 миллион 500 мың тонна сүт өндіру арқылы жан басына шаққандағы оны тұтыну бойынша дамыған үздік үш елдің қатарына кіреміз. Сондықтан өзімізді сүт өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін бізге кооперация қажет. Егер біз өзіміздің шикізатты өңдей алатын болсақ, бұл жағдайда өзімізді толық қамтамасыз ете алатындай деңгейге жақынбыз. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның ет-сүт одағы» ЗТБ төрағасы Иван Сауэр мәлімдеді. Сонымен қатар, И. Сауэрдің пікірінше, біз ауылшаруашылығы саласын қолдау бағытында жүзеге асырылатын субсидиялау тетіктерін өзгерту арқылы өндіріс пен оны өңдеу мәселелерінің шешімін таба аламыз. «Мемлекет субсидия ретінде қомақты қаражат бөліп отыр. Мал шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған көптеген бағдарламалар жүзеге асуда. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы субсидиялау тетіктерін қайта қарастыруға назар аударды. Қазір ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесіп ұсыныстар әзірлеп жатыр. Субсидиялау механизмін өзгерту керек. Бұл тұжырымдама тамыз айында дайын болады деп ойлаймын. 2-3 жылда өнім өндірісі және оны өңдеу бойынша жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді»,– деді қауымдастықтың басқарма төрағасы. Ал, Ресей Федерациясының АҚШ, Еуроодақ мемлекеттеріне, Канада, Австралия мен Норвегиядан келетін импорттық ауылшаруашылық өнімдеріне, шикізаттары мен азық-түлігіне бір жылға дейін шектеу қою туралы қаулысына: «Ресей бізге өз нарығын ашып отыр. Айта кетерлігі, бизнес қоғамдастықтағы ең басты проблемалар нарық іздеу, нарық үшін күресу және бәсекелестік екендігі түсінікті. Ал, бұл ретте ресейлік тарап шлюзді ашып: «Келіңдер, жұмыс істеңдер» деуде. Мен барлығы да бұра тартып, ресейлік нарыққа ағылып, өз нарықтарын ұмытып кететіндігіне сенбеймін», – деп өз пікірін білдірді.
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді