Осы бағытта жұмыс істейтін департамент қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларының негізсіз өсуіне жол бермей, тұрақтылығын Президент тапсырмасына сәйкес ұстап отыр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Бек Момбаевтың айтуынша, департамент облыс бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 56 түрін көрсететін 37 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган. Олардың ішінде 19 сумен жабдықтау, 9 сарқынды суларды бұру, 1 табиғи газды тасымалдау, 18 жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау, 7 кірме темір жолы, 2 электр энергиясын беру және бөлу қызметтерін жүргізетін табиғи монополиялық субектілер бар.
– Биыл департаментке 24 табиғи монополия субъектілерінен 77 тарифті бекітуге 77 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы 2 хабарлама келіп түсті. Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 77 өтінім бойынша 24 тариф бекітілді, 2 өтінім бойынша қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағасы келісілді, 26 өтінім қараудан бас тартылды, 19 өтінім кері қайтарылды, 6 өтінім қаралуда. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуын талдау қорытындысы бойынша қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2024 жылы 3 табиғи монополия субъектісінің негізсіз табыс сомасы 349989,75 мың теңгені құраған еді. Атап айтсақ, оның 185787,52 мың теңгесі «Казфосфат» ЖШС-не, 160557,44 мың теңгесі «Жамбыл су» КМК-на, 3644,79 мың теңгесі «Көптас» ЖШС-не тиесілі, – дейді Бек Момбаев.
Сондай-ақ «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 2 субъектінің инвестициялық бағдарламасына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өзгерістер енгізілген. Жоғарыда айтылғандай, департамент қызметінің басты бағыттарының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау. Бұл бағытта осы жылдың 10 айында департамент тарапынан 6 табиғи монополия субъектісіне қатысты 8 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жалпы сомасы 17388640 теңге көлемінде айыппұл салынып мемлекет пайдасына өңдірілген.
Жамбыл облысының жергілікті мемлекеттік тіркеліміне енгізілген 2 табиғи монополия субъектілеріне қатысты тексеру жүргізіліп, 1 заң бұзушылықтар анықталған. Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 2 нұсқама енгізілді, қазіргі таңда орындалған. Сондай-ақ Премьер министрдің бірінші орынбасары Р.В.Склярмен бекітілген кросс субсидиялаудан біртіндеп бас тарту жөніндегі жоспарға сәйкес, 2025-2029 жылдар аралығында сараланған тарифтен бас тартып, тұтынушы топтарына орташа бір тариф бекіту қарастырылған. Облыс бойынша 2025 жылы жоспарға сәйкес кросс-субсидиялаудан біртіндеп бас тарту электрмен жабдықтау саласында – 20, жылумен жабдықтауда – 45, сумен жабдықтау саласында – 30, сарқынды суларды бұру саласында – 31, тауарлық газбен жабдықтау саласында – 14 пайызға келтіру қарастырылған. Ал «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №658 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №1102 қаулысымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілді.
Ұлттық жобаны әзірлеудің мақсаты – Халыққа коммуналдық қызметтерді сенімді әрі сапалы көрсетуді және ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды (желілер мен объектілерді) жаңғырту. Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және сандық мәнде) – Авариялар деңгейін 20 пайызға, энергетикалық және коммуналдық активтердің тозу деңгейін ел бойынша орта есеппен 40 пайызға дейін төмендету.
– Ұлттық жобаның іске асыру мерзімі – 2025- 2029 жылдар аралығын қамтиды. Биыл Ұлттық жоба аясында «Жамбыл Су» КМК 3 жобамен жалпы соммасы 654,7 миллион теңге 5,3 шақырым су құбырын жаңғырту және 42 миллиард теңге кәріз тазарту кешенінің, «ЖЭЖ» ЖШС электр жүйелерді жаңғырту бойынша 15 проектіге жалпы сомасы 20,6 миллиард теңге құрайтын құрылыстарға қатысуда. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында желілердің тозу көрсеткіштерінің 2030 жылға дейін кем дегенде 15 пайызға төмендеуі көзделген. 2025 жылдың 1 қаңтарына Жамбыл облысында тозу деңгейі бойынша қызыл аймаққа енгізілілген 3 ТМС бар. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 3 ТМС-нің (Жамбыл элекр жүйесі ЖШС, Жамбыл су, Таразтрансэнерго КМК) инвестициялық бағдарламасына ЖАО бірлесіп өзгерістер енгізілді. 2025 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы соммасы – 593492 мың теңге. Көрсетілген іс-шара орындалған жағдайда жалпы желінің тозығын – 0,4 пайызға төмендетеді. «Жамбыл электр жүйесі» ЖШСнің 2025 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 77,8 пайызды құрайды. Желі ұзындығы – 13894 шақырым. 2025 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы соммасы – 2531 406 мың теңге. Көрсетілген іс-шара орындалған жағдайда жалпы желінің тозығын 1,3 пайызға төмендетеді. «Таразэнергоорталық» АҚ-ның 2025 жылғы 1 қаңтар бойынша тозу деңгейі 73,5 пайызды құрайды. 2025 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы – 105 335 мың теңге. Облыстың Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Таразэнергоорталық» АҚ-на қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдады, – дейді Бек Момбаев.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Жайма мен кеспе не үшін керек?
- 23 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




