Бұл ең алдымен, әлемдегі барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игілікті іс. Өйтпеген күнде көмір сутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепетеңдігін бұзуда. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері мол. Ғалымдардың болжамынша, осы жүзжылдықтың соңына қарай ауаның температурасы 6, 4 градусқа жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметр көтеріледі екен. Қазірдің өзінде құрлықтарды басып жатқан топан су соның салдары. Сондықтан әлем сарапшылары энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін негізгі күн тәртібіне қойып отыр.
Еліміздің баламалы энергия көздерін дамытудың «жасыл» жолына көшуіне елордамыз Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің зор серпін әкелгені белгілі. Ең бастысы, баламалы энергия көздері, ол – болашақтың қажеттілігі. Көрмеден кейін еліміздің оңтүстік өңірлерінде қолға алынған жобалар бүгінде елімізге соны серпін беруде. Жа лпы, бұл аймақт арда жылына 2,5 миллиард киловаттсағат күн энергиясын өндірудің мүмкіндігі бар. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жүзеге асыруға жетелеп отыр. Алматы энергетика және байланыс университеті шағын энергия көздерін жаңғырту зертханасының қызметкерлері мен магистранттары әзірлеген жоба бойынша күн сәулесін жинайтын толық автоматтандырылған арнайы тақталар ғимараттан шықпайақ күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
Баламалы энергия өндіруге қажетті құралдың тағы бір түрі – вертикальды желдік роторлық турбина. Оны отандасымыз Альберт Болотов ойлап тапқан. Бүгінде оның бұл еңбегі Қазақстаннан тыс көптеген елдерде қолданылып келеді. Ресей, Қырғыз және Корей елдері де пайдалануда. Алыс аймақтарға электр қуатын жеткізуде бұл құрылғының пайдасы айрықша елеулі. Бүгінде баламалы энергия өндірудің озық әлемдік технологияларын енгізу – энергетика лық тиімді бағдарламаларды іске асыруға серпін беретіні сөзсіз. Әртүрлі бағалаулар бойынша елімізде оның қорларының әлеуеті де жоғары. Оны бүгіннен бастап қолға алу өте маңызды.
Еліміздің стратегиялық дамуы бағдарламасында көзделгендей, 2030 жылға дейін баламалы қуат көздерінің энерготеңгерімін 20 пайыздан асыру қажет. Жалғыз біз ғана емес, бүгінде көптеген елдер өндірістік қуаттағы газжылу электрстансаларының жүктемелерін төмендете отырып, баламалы энергетика жобалары санын арттыру үстінде. Ал бүгінгі күні Жамбыл облысында өндірілетін қуат көзі еліміздегі өндірілген қуат көзінің 20 пайызын құрап отыр. Бұдан бөлек, бүгінде ядроэнергетикасының даму болашағы туралы да ұмытпауымыз қажет. Тағы бір жай, сарапшылардың бағамдауынша, Қытайдың қазіргі және келешектегі сұранысы Қазақст анның барлық энергия өндірісінің тең жартысын ғана қамтиды. Жылына 40 миллиард киловаттсағат энергияға мұқтаж.
«Сондықтан болашақта Қазақстан энергиясына деген сұранысы арта түспек. Ал елімізде жаңартылған энергияны қолжетімді бағамен жаппай өндіру кезінде энергияның бұл түрін тұрақты түрде арзан бағаға сату, елдің экономикалық әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету, өндірісте жаңа жұмыс орындарын ашу, қоршаған ортаны таза сақтау, жаңартылмайтын энергия көздерінің мол қорын бұзылмаған күйінде сақтап қалу секілді пайдасы мол болмақ», – дейді облыс әкімдігі энергетика және коммуналдықшаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов.
Соңғы он бес жыл көлемінде баламалы энергия көздерінен қуат өндіру облысымызда жақсы жолға қойылып отыр. Күн, жел, су электр стансалары пайдалануға беріліп, олардың жалпы қуаттылығы 571,3 мегаватты құрайды. Қазіргі таңда жаңартылатын энергия көздерінің 22 нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 24,4 мегаватт болатын 6 су электр станциясы, 275,65 мегаватты құрайтын 10 жел электр станциясы, 271,25 мегаватт болатын 6 күн электр станциясы бар. Бұл ретте Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жағынан алдыңғы қатарлардың бірінде. Атап айтсақ, Орталық Азиядағы ең ірі, қуаттылығы 100 мегаватт болатын, Жуалы ауданында іске қосылған «Burnoe Solar-1» және «Burnoe Solar-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күн электр стансасын ерекше атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда 100 мегаватты құрайтын станция күніне 660-680 мың киловатт шамасында қуат өндіру әлеуетіне ие. Бұл қос күн электр станциясының жалпы жобалық құны 48 миллиард теңгені құрайды. Бұл 80 мың тұрғын үйді энергиямен қамтамасыз ете алады. Бүгінде өңірімізде басқа да баламалы энергия көздері игерілуде. Олардың әлеуеттері әрқалай деңгейде.
Атап айтқанда, Меркі су электр стансасы – 2,02, Меркі – 3 су электр стансасы – 1,5, Т.Рысқұлов ауданындағы «Қарақыстақ» су электр стансасы – 2,3, Шу ауданындағы «Тасөткел» су электр стансасы – 19,2, Қордай ауданы «Қордай-1» жел электр стансасы – 21, «Қордай» жел электр стансасы – 1,5, «Қордай – КА-1» жел электр стансасы – 26,4, «Отар» күн электр стансасы 0,5 мегаватт энергия өндіру қуаттылығына ие . Ал 2021 жылы 100 мегаваттық «Жаңатас» жел электр стансасы іске қосылды. Жобаның басты құрылтайшысы – қытайлық «China Power International Holding Limited» компаниясы, оның сенімді серіктесі – «Visor Kazakhstan» компаниясы болды. Жобаның жалпы құны 44,8 миллиард теңгені құрады.
Жоба аясында қуаты 2,5 мегаватт болатын 40 жел қондырғысы мен электр жабдықтары, сондай-ақ бір станса торабы мен көпбейінді орталық салынды. Одан кейінгі жылдары облыста төрт жоба і с ке асырылды. Соның бірі – Жамбыл ауданындағы жалпы қуаты 50 мегаватты құрайтын «AEC ASA» күн электр стансасы. Оның құрылыс жұмысының жобалық құны 20,8 миллиард теңгені құрайды. Күніне 50 мегаватт электр қуаты өндіріліп, «KEGOC» акционерлік қоғамының біртұтас энергия жүйесіне берілуде. Келесісі Талас ауданындағы әрқайсысы 4,5 мегаватты құрайтын 3 жел электр стансасы пайдалануға берілді.
Бұл нысандардың құрылыс жұмыстарын «Шенгелді», «Шенгелді-2» және «Новатэкс» ЖШС іске асырды. Алдағы жылдары облыста тағы да бірнеше ірі жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың қатарында Мойынқұм ауданында жалпы қуаты 1 гигаватты құрайтын жел электр стансасы бар. Оны шетелдік «Total Eren» ЖШС жүзеге асырғалы отыр.
Қазіргі таңда бұл жоба аясында инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар Жуалы ауданында Masdar (БАӘ) компаниясы жалпы қуаты 1 гигаватты жел электр стансасын салмақ. Ал қытайлық «China Power International Holding Limited» компаниясы қуаты 1 гигаватты жел электр және 400 мегаваттық күн стансаларын Т. Рысқұлов пен Талас ауданында іске асыруды көздеп отыр.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




