Басты жаңалық
Шенеуніктер қызметтік көлікті қоғамдық көлікке ауыстыруды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 13 тамыз, 2014
- 909
Шенеуніктер қызметтік көлікті қоғамдық көлікке ауыстыруды ұсынды
Индонезиялық шенеуніктер қызметтік көліктерді қоғамдық көлікке ауыстыруды ұсынды.
Ел астанасы Джа-карта қаласының губернаторы Джоко Видодоның (Joko Widodo) бұл қаулысы қыркүйек айынан бастап күшіне енеді. Бұл қаулыда әрбір қызметтік көлікті пайдаланатын шенеунік өзінің көлігін үкіметке кері қайтарып, қоғамдық көліктермен жүретін болса, оған ай сайын стипендия беріліп отырады. Джакарта басшылары қызметтік көлікті пайдаланатын мемлекет қызметкерлерінің санын азайтуға ниетті. Сонымен қатар ол көліктерге кететін қаржыны да қысқарту жоспарлануда. Көлігін кері қайтарған шенеуніктерге ақша лауазымына қарай беріледі. Олар 4,5 миллион индонезиялық рупиден (шамамен 70 мың теңге) 12,5 миллионға (шамамен 200 мың теңге) дейін алады. «Штаттағы қызметкерлер стипендияны өз лауазымына қарай алады», - дейді губернатордың хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




