Өз мерейтойына 200 мың доллардың жейдесін сыйлады
Үндістандық ірі тоқыма фабрикасының иесі Панкай Парах өзінің 45 жасқа толуына орай 4 келі алтынмен апталған жейде тіктірді. Жоғары сынамалы алтыннан жасалған жейденің жалпы құны 211 мың долларды құрайды.
Кәсіпкердің айтуынша, ол бұл жейдені көпшіліктің алдында ерекшелену үшін ғана емес, Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін де жасатқан. Бірегей жейдені жасау үшін фабриканың 20 шебері қатысқан, оған екі айға жуық уақыт кеткен көрінеді. Жейдені кез- келген кіржуғыш машинада жуа беруге болады. Парахтың айтуынша, ол бұрыннан алтынға құмар екен, үйінен шыққанның өзінде кем дегенде 2-3 келі салмағы бар әшекейлерді тағып шығатын көрінеді. Ал қауіпсіздік үшін үнемі қасында оққағарларын ертіп жүреді. Үндістанда Панкай Парах өзінің қайырымдылығымен танымал. Ол жыл сайын полиомиелитпен ауыратын 120 балаға ота жасау үшін қаражат бөліп тұрады екен.
Ұқсас жаңалықтар
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Қытай компаниясы Қазақстанда робот құрастырмақ
- 16 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




