Еуропадан бас тартқан Ресей жеміс пен көкөністі Қытайдан алатын болды
- author «Ақ жол»
- 13 тамыз, 2014
- 832
Қытайдың «Баожун» компаниясы Ресейге көкөніс пен жемісті тікелей экспорттайтын болды.
Бұл жайында «Интерфакс» агенттігіне Хэйлунцзян провинциясы Қолданбалы экономика ассоциациясының төрағасы Чжан Чуньцзяо айтып берді. «Дуннин уездінде қытай-орыс трансшекаралық электронды коммерция жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Аталған жоба аясында «Баожун» компаниясының кедендік бақылау аймағы құрылады. Бұл дегеніңіз, Дуннин бекеті арқылы Ресейге компанияның көкөнісі мен жемісі тікелей экспортталады деген сөз» деді Чжан Чуньцзяо. «Баожун» аймағы жеміс пен көкөністі Ресейдің Қиыр Шығысына тасымалдайтын логистикалық орталыққа айналмақ. Мұнда өнімдер сұрыпталып, қорытынды бағасы шығады. Сонымен қатар Чжан Чуньцзяоның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін дәл осындай тағы бір жоба іске қосылатын болады. Ол Ресейге Қытайдан ауылшаруашылық өнімдерін экспорттамақ.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




