ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ҚАРА НАРЫ – ҚАЛИХАН ЫСҚАҚ ДҮНИЕ САЛДЫ
Кеше әйгілі жазушы, қазақ прозасының қара нары – Қалихан Ысқақ дүние салды.
Қалихан Ысқақ – ХХ ғасырдың орта шенінен басталған қазақ әдебиетінің алтын дәуірінің ұшар басында тұрған қаламгер. Жазушының шығармаларындағы құнарлы тіл, қуатты ой, замана бейнесі, адамдардың терең психологиясы мен портреті мың сан оқырманның жан-дүниесінде төңкеріс жасап, әлденеше буын ұрпақты тәрбиеледі. Қаламгердің ізін басып әдебиетке келген бірнеше буын жазушылар Қалихан Ысқақ прозасын бағдар етті. Сөйтіп, қазақ прозасындағы Қалихан мектебі қалыптасты. Қалихан Ысқақ көркемсөз өнерінде қайталанбас суреткер. Оның қаламынан туған әрбір кейіпкер, әр сөз әдебиеттің алтын қазынасы. Қош бол, қазақ прозасының қара нары!
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




