«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Батырға бюст қойылды

Батырға бюст қойылды
ашық дереккөз
Батырға бюст қойылды
Саналы ғұмырын туған елінің қауіпсіздігі мен қорғаныс саласын нығайтуға арнаған ірі әскери қайраткер, халықтың зиялы да аяулы азаматы, ұлт жанашыры болған Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетов көзі тірі болса, биыл 95 жасқа толған болар еді. Осыған орай былтыр ғана қайраткердің есімі берілген Тараз қаласындағы №10 орта мектептің ауласынан тау тұлғаның бюсті бой көтерді. Бүгінде екінші дүниежүзілік соғыста қайсарлығымен, өжеттілігімен танылған Сағадат Нұрмағанбетов қоры жұмыс істейді. Ескерткіш-бюст осы қордың ұйытқы болуымен ашылып отыр. Қайраткер атындағы мектеп ұжымы да Сағадат Қожахметұлының батырлығы мен еңбегін дәріптеуде белсенділік танытып, түрлі іс-шараларды жиі ұйымдастырады. С.Нұрмағанбетов атындағы халықаралық қордың төрағасы Махмұт Нәлібаевтың сөзіне сүйенсек, бұл жұмыстар мұнымен толастамай, әлі де өз жалғасын таба беретін болады. Өйткені бұдан бұрын Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Әулиеатаның бір көшесі батыр атымен аталып, сонда бюсті қойылған еді. Ал жоғарыда аталған шарамен қатар дәл осы күні «Тараз-Арена» спорт кешенінде жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды. «Aq jol-Aqparat».

Ұқсас жаңалықтар