Мүгедекпін деп мойымайтын, өмірге құштар өнерлі адамдар көп ортамызда. Олар қай кезде де өзін-өзі танытып, қоғамның бір мүшесі екенін көрсеткісі келеді. Осы тұрғыдан алғанда, «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты фестиваль мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік беретін шаралардың біріне айналды десек, артық айтқандық емес.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін шара биыл аудандық мәдениет үйінде өтті. Фестивальде бірнеше аталым бойынша үздіктер анықталды. Солардың ішінде жарқын өнерлерімен көзге түскендері – «Ең тату отбасы» аталымының үміткерлері. Фестиваль жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Өнер додасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілік көрсетіп, көмектескен азаматтар да болды. Соның бірі – ауданда құрылған үкіметтік емес ұйымның директоры Нұржан Рахимов. Жыл сайын 150 мың теңге көлемінде мүгедек және аз қамтылған отбасыларға бес тоннадан көмір түсіріп беріп, қол ұшын созатын Нұржан үміткерлерге қолдау көрсетуден тартынған жоқ.
Жәмила Ақберген.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




