«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тараз тұрғындары таза ауызсумен толықтай қамтылады

Тараз тұрғындары таза ауызсумен толықтай қамтылады
ашық дереккөз
Тараз тұрғындары таза ауызсумен толықтай қамтылады

Биыл қала маңын-дағы 7 елді мекен орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда ол бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Бұл туралы кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиында күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді. Статистикаға сүйенсек, бүгінде Тараз тұрғындарының тоқсан пайызы таза ауызсуды пайдаланып отыр. Жыл соңына дейін жоспарланған жеті елді мекендегі құрылыс аяқталса, қала толық таза ауызсумен қамтылады. Осы жұмыстардың нәтижесімен республика рейтингісінде өңір көрсеткішін көтеруге де мүмкіндік туады. Облыстағы аудан тұрғындарының ауызсумен қамтылу деңгейіне тоқталсақ, Шу ауданы 60 пайызбен көш соңында тұр. Егер Қосқұдықтағы мәселе шешімін тапса, аудан халқының 80 пайызы сапалы ауызсуға қол жеткізген болар еді. Өңір басшысы бұл жұмыстарды ұзаққа созбай шешу керектігіне назар аудартты. Жалпы, облыс бойынша орталықтандырылған ауызсумен қамтылған 199 елді мекен бар. Ал ондағы 130 мың отбасы әлі де суды сырттан тасымалдап отыр. Асқар Исабекұлы бұл тұрғындарды 100 пайыз толығымен жүйеге қосу керектігін баса айтып, нақты тапсырмалар берді. Жиын барысында ауызсуды сағаттап кесте бойынша пайдаланып отырған елді мекендердің жайы да қозғалып, ол мәселе күн санап өз шешімін тауып келе жатқандығы айтылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар