Әрбір жан қоғам өміріне титтей де болса өз үлесін қосуды қалайтыны белгілі. Ал ол үшін алдымен күйің, күйің келу үшін үйің болуы керектігі айтпаса да түсінікті. Анығын айтар болсақ, баспана мәселесі қазақстандықтардың бас ауруына айналғалы қашан. Өйткені әрбір отбасы, әсіресе, шаңырақ көтерген жастар үшін пәтерді өз қаржысына сатып алу арман ғана болатын. Осыны ескерген Елбасымыз «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша Үкіметке жас отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешуді тапсырған еді. Енді міне, бүгінде біз соның жемісін көрудеміз. Өткен жылдың күзінде Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында көптен күткен тұрғын үйге қол жеткіздік. Өзім құрылыс саласында жеке кәсіппен айналысамын. Ал, жарым – Ақерке балабақшасында жұмыс істейді. Алғашқыда бағдарлама бойынша пәтер ала алатынымызға күмәнмен қарағанымыз рас. Себебі, жалақымыз аса көп емес-тін. Кейін тәуекелге бел буып, құжаттарымызды тапсыруды жөн көрдік. Ақырында небәрі 2-3 айдың көлемінде пәтерлі боп шыға келдік. Бүгінде Тараздағы «Бәйтерек» мөлтекауданында бой көтерген кең де жарық, сапалы салынған 58 шаршы метрді құрайтын екі бөлмелі пәтерімізде бүлдіршініміз асыр салып ойнап жүр. Ал, біз ел болашағы – жастардың қамын ойлап, көрегендікпен жасалған бағдарлама арқылы пәтер алудың жолдарын енді достарымызға айтып, кеңес берудеміз. Тұрғын үйлі болудың тиімді жолын жасап берген Ұлт Көшбасшысына алғысымыз шексіз.
Біржан ТАХИЕВ, жас отбасы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді