Шын ниетпен бет бұрып құбылаға, Өтетін тәребінің түні дара. Жан-тәніңді тазартқан Рамазаным, Әр күніңді бөлейді шұғылаға!
Артық ауыз сөздерге салып тыйым, Садақамен кедейдің танып күйін. Шариғаттың шарттарын орындасаң, Атанасың біреуі байыптының.
Ей, адамзат, үлгі бол бір-біріңе, Тәубе де жарқыраған бұл күніңе Мейірімді, сабырлы, қайырымды бол. Міндетті бол Аллаға жүгінуге.
Бір Алланың жүреміз назарында, Құлшылық қыл, намазды қаза қылма. Ешқашан міншіл болма, көпшіл болшы, Өмірдің бес күн жалған базарында.
Санаңды басқа талап басқарады, Пенденің болмаса екен бос қадамы. Бұл жалғанда жаңылмайтын адам бар ма, Арсыз болсаң, туысың жат болады.
Баланған он екі айдың сұлтанына, Рамазанда шүкірлік бұл таңыма. Әркімнің мақсаттары іске асып, Адал мұра қалдырсын ұрпағына!
Асқарбек МАҚСҰТОВ.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




