Қайырымдылық – асыл қасиет. Соңғы жылдары елімізде түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан да қайырымдылықты қолдауға көп көңіл бөлініп отыр. Жуырда Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тумасы, Шөңгер ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы бастауыш мектебінің түлегі, жеке кәсіпкер Қанат Тоқабаев өзі басқаратын мекеме ұжымының атынан төрт көп балалы отбасыға азық-түлік себеттерін табыс етті. Онда ұн, шекер, күріш, макарон, картоп, тәттілер секілді күнделікті қажетті азық-түліктер бар. Сонымен қатар әр отбасының балаларына ойыншықтар мен киімдер сыйлады. «Қолы ашықтың жолы ашық» демекші, көп балалы отбасылардың мүшелері қайырымды жандарға өз ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтты.
Әсем БЕЙСЕНБАЕВА. Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
«Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз»
- 30 сәуір, 2026
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




