Жуырда облыс аумағында республикалық «Трафикті тоқтат!» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Соның аясында облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы адам сату, жезөкшелікпен айналысатын топтарды ұйымдастыру және оларға тұрғын жай дайындау деректеріне қатысты қылмыстардың бетін ашты. Мәселен, А. есімді 1993 жылғы азаматтың 1995 жылы туған жас қызды екі жыл қатарынан жезөкшелекпін айналысуға мәжбүрлегені анықталды. Енді оның адам сатқаны үшін заң алдында жауап беруіне тура келеді. Ал Меркі ауданының 39 жастағы тұрғыны өзінің жеке шаруа қожалығында 31 жастағы келіншекті заңсыз күштеп ұстап, үй шаруасындағы түрлі жұмыстарын орындатқызған. Қазіргі таңда жезөкшелікпен айналысатын топ құрып, оңай олжа тапқысы келетіндердің де тыйылмай тұрғандығы шындық. Қордай ауданындағы сауықтыру кешендердің бірінің 45 жастағы әкімшісі жезөкшелікпен айналысатын ұйым құрғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жиналған материалдар бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім шығарылуда. Т. Рысқұлов ауданының 1963 жылғы А. есімді тұрғыны да Меркі ауданындағы қонақ үйлердің бірінде 1996 жылы туған әлі кәмелет жасына толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Сондай-ақ, осы жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Израиль мемлекетінің халықаралық іздеуде жүрген азаматы ұсталды. 1976 жылғы шетелдікке осы мемлекеттің Қылмыстық кодексінің он бабы бойынша айып тағылған. Қазір ол Қордай аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторында қамақта отыр. Нақтылы кезеңде, «Трафикті тоқтат!» жедел-алдын алу шарасындағы барлық анықталған деректер бойынша, тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұржан ҚАЛМЕТОВ, облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




