Төлеби тұрсынбеков үздік полицей атанды

Төлеби тұрсынбеков  үздік полицей атанды
ашық дереккөз
Төлеби тұрсынбеков үздік полицей атанды

Тараз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің жол-патрульдік полиция батальонында «Үздік маман – 2019» байқауы өтті. Екі күндік сайыс полицейлердің қоғамдық тәртіпті сақтауды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыруда білімдерін, дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. «Дәстүрлі шараға облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы жол-патрульдік полиция батальонынан 5 қызмет инспекторы және Тараз қаласы полиция басқармасынан 5 қызмет инспекторы қатысып, бақ сынасты. Кәсіби біліктіліктерін көтеруде, қызметте жан-жақтылықтарын дамытуда аталмыш шараның атқарар рөлі зор деп ойлаймын», – дейді жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция майоры Дәулетбек Жанғабылов. Конкурстың алғашқы күні қатысушылар қызметтік жұмысты реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білуге арналған тестілеу түріндегі сынақ, еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерінің және жол жүрісі қағидаларының негізгі нормаларын білуге арналған емтихан тапсырып, атыс даярлығы, сондай-ақ көше қиылысында жол қозғалысын іс жүзінде реттеп, көлік құралдарын жылдамдықпен маневрлеу бойынша сынға түсті. Келесі күні алғашқы медициналық көмек көрсету, дене шынықтыру даярлығы және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеру бойынша сынақ тапсырды. Қызметкерлер аталған кезеңдердің талаптарын кәсіби деңгейде орындай білді. Іріктелген қызметкерлердің арасында жарыстың барлық талаптарын орындап, үздік нәтиже көрсеткен қалалық полиция басқармасы ЖПҚБ ЖППБ 3-рота 1-взводының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Төлеби Тұрсынбеков бірінші орынға лайықты деп танылса, ал екінші орын полиция департаменті ЖПҚБ ЖППБ 1-взводының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Ерболат Әуезханға бұйырды. Жүлделі үшінші орынды Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ ЖППБ 1-рота 1-взводының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Ерболат Қауынбаев еншіледі. Жеңімпаздар «Үздік маман» атағымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан кубокпен және грамоталармен марапатталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар