«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Біздің елдің жігіт тері

Біздің елдің жігіт тері
ашық дереккөз
Біздің елдің жігіт тері

«Басты міндет – мінсіз қызмет» ұранын ұстанады

Биыл 29 наурызда Әулиеата жерінде бірінші рет аралас жекпе-жек аламаны ұйымдастырылды. «Alash Pride FC» турниріне Қазақстаннан басқа ТМД-ның Қырғыз Республикасы, Ресей, Белоруссия және Өзбекстан елдерінен 22 спортшы қатысқан болатын. «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен сайысқа «Қазфосфат» ЖШС демеушілік жасады. Осы орайда дода қатысушыларының қауіпсіздігі мен жанкүйерлердің тыныштығын қамтамасыз еткен «Хан» security» ЖШС мамандарының игі бастамасын айтпай кетуге әсте болмас. Өйткені олар бәсекенің ойдағыдай өтуіне тегін қызмет жасап, үлкен үлес қосты. Қазір аймақта барлығы 170-тей осындай агенттік жұмыс істесе, олардың 20 шақтысы облыс орталығында орналасқан. Ал өзіндік қызығушылық танытқаны осы серіктестік қана. Көрсетілетін қызметтің басым көпшілігі ақылы болып кеткен мына уақытта олардың бұл ісіне сүйсінбеу мүмкін емес. – «Басты міндет – мінсіз қызмет» ұранын ұстанатын біздің жігіттер бұған дейін де өңірімізге танымал бірқатар азаматқа қолұшын беруден бас тартқан емес. Сондықтан мұндай ұйымдастырушылықта әжептәуір тәжірибесі бар компаниямыздағы барлық маманның жартысына жуығын осы аламанға жұмылдырдық, – дейді ЖШС директоры Сапар Ирсимбетов. Тараз қаласы мен аудандардан бөлек, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент қалаларында да филиалдық желісі бар агенттіктің бұл бәсекенің тыныштығын бас-аяғы 35 күзетшісі кірпік қақпай күзетіпті. Дәл осы күні құрылғанына тура 8 жыл толған серіктестік мемлекеттік органдарды, ұлттық компаниялар мен өнеркәсіптік ғимараттарын, оның ішінде стратегиялық маңызы бар нысандардың тыныштығын бақылау, оққағарлар қызметін, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде күзет іс-шараларын қамтуды, қауіпсіздік жүйелерін жобалауды, монтаждауды да жүзеге асырады. Негізін қалағалы бері серіктестік сенімді клиенттік базасын мақсатты түрде құра білген. Себебі күзет ұйымына қабылданушылардан міндетті түрде Отан алдындағы борышының өтелгендігі талап етіледі. Мұндағы басшылықтың өзі бұл салада көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрлігінің бұрынғы кадр офицерлерінен құралған. Компания ұжымын сондықтан өз ісінің «ұстасы» саналатын нағыз мамандардан топтасқан команда десе де жарасады. Оған күзетілетін бизнес-құрылымдар басшыларының оң пікірлері, «Инстаграм» парақшаларына жазған жазбалары дәлел. – Мақтауға лайықты болсақ, оған ұсынған қызметтеріміздің сапалылығы арқылы ғана қол жеткіздік деп ойлаймын. Өйткені біз күзетілетін мүлік пен әрбір персоналдың әрекеті үшін жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Басқа да әріптестер секілді «Хан» security» ЖШС филиалдары полиция департаменттерімен бірлесе жұмыс істейді. Қызметкерлеріміздің барлығы дерлік мамандандырылған оқу орындарында оқудан өтті. Сәйкесінше еліміздің 2000 жылы қабылданған «Күзет қызметі туралы» Заңына сәйкес қызметтік қару мен арнайы құралдарды пайдалану дағдылары бар, – дейді агенттік директорының орынбасары Самат Такешов. Азаматтардың жеке басын қорғау, олардың мүлкін, сондай-ақ кеңселер, банктер, ломбардтар, кәсіпорындар мен сауда орталықтарын күзету арқылы бұзақыларды ұстап, заңсыздықтың алдын алатын бұл ұжым еліміз үшін маңызды шараларда жиі бой көрсетеді. Олардың кейбіріне ақысыз қызметін де ұсынып жүрген серіктестік мамандарының мұндай бастамасына тамсанғанымызбен, компания үшін бұл таңсық емес. Өйткені қоғам, Отан үшін маңызды саналатын шараларға «хандықтар» өздерін де жауапты сезінеді, ортақ деп есептейді.

 

Альмира ОМАРОВА

Ұқсас жаңалықтар