Ауданда табиғи қорлардан жаңартылмалы электр қуатын өндіру ісі қолға алынуда. Бүгінде әрқайсысының құны 1867,6 миллион теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт-ты құрайтын желден электр энергиясын өндіру жобаларын жүзеге асырғалы отырған «Wind Power city» және «Wind Electricity» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне Қызыләуіт ауылдық округі аумағынан жер телімі бөлініп берілді. – Аталған нысандардың жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Жоба нақты іске асқан кезде 24 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады, – дейді аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров. Бұл жобалар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. Қазіргі таңда ауданға 3,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстары басталып, қарқынды түрде жүргізілуде. Әзірге бұл жұмыстарға 7 адам тартылған. Талас ауданы.
Жүрсінгүл Жақып
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




