Қазақстанда алты алаштың тарихынан сыр шертетін «Қазақ елі» музыкалық альбомы жазылды. Жаңа туындының қыр-сыры туралы автор, сазгер Сайрамбек Жексембі айтып берді.
«Алғаш рет еліміздің тарихын музыкалық туындыда баяндауға тырыстық. Трилогияда драматургия да, ішкі энергия, сюжет те бар. Қазақтың барлық тарихын бір туындыға сыйғызу өте қиын», - деді сазгер. Оның айтуынша, туынды 3 бөлімнен тұрады. Автор 2CD, 1 DVD диск жазуды жоспарлап отыр. «Бірінші диск Марат Бисенғалиевтің көркемдік жетекшілігімен Алматы симфониялық орекстрінің орындауында төрт-ақ күнде дүниеге келді. Туынды Александр Шевченконың «Sky Rekording» студиясында жазылды», - деп түйіндеді сөзін автор. Сазгер жақын болашақта екінші және үшінші альбомды дүниеге әкеліп, концерттік тұсаукесер өткізуді жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




