Барша қазақстан-дықтарға белгілі «Алдараспан» әзіл-оспақ театры соңғы жылдары сауатты, салмақты қойылымдарымен ерекшеленіп жүргені рас. Ұжымның көрерменге ұсынған әзілдерінде заманның зілі, уақыттың уыты жатқандай. Әсіресе Нұржан Төлендиевтің идеяларынан туған көріністердің бейненұсқасын ғаламтордан іздеп жүріп тамашалайтындар көп.«Алдараспанның» кезекті қойылымын интернет иірімінен біздің көзіміз шалып қалған. Тағы да «Туканың» авторлығындағы қойылым, «Қосымша сабақ» деп аталады. Бір отбасындағы диалог арқылы мектеп бағдарламасына еніп жатқан есепсіз реформаларды сынайды.
Мұндағы айтпағымыз да бұл емес, әлгі көріністе әкесі сахнаға Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетін оқып шығады. Бұл біздің басылымымыздың өңірлік деңгейде болса да, өзге аймақтарға да жететіндігін әрі қызықты, тартымды жарияланымдарға бай екенін аңғартады. Елімізге белгілі театр әртістерінің облысымыздың белді басылымын жарнамалағанына, әлбетте, ішіміз жылып, қуанып қалдық. «Aq jol»-ға жазылыңыздар, ағайын!
«Aq jol-Аqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді