Кеше «Баласағұн» орталық концерт залында ән мен жырдың кені атанған Кенен Әзірбаевтың шығармашылығына арналған «Шырқа, даусым!» атты Х республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Өнер додасы Кенен Әзірбаевтың ұрпақтары, сонымен қатар облыстық мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Дүйсенбек Өмірәлиев, әнші, өнертану ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлының қатысуымен өткен баспасөз конференциясымен басталды. Тілшілермен кездесу барысында Бақытжан Кененұлы мен Төрткен Кененқызы Алатаудың ақиығы атанған, ұлттық өнердің дарабозы Кенен Әзірбаев шығармаларын насихаттаудағы атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын жеткізді. Ұлт мұрасының бірі – Кенен шығармалары ұлықталған ән сайысына еліміздің әр қиырынан және көршілес Қытай, Өзбекстан елдерінен 33 үміткер қатысты. Олардың біразы екінші кезеңге өтті.
Толығырақ газетіміздің келесі санындағы мақаладан оқисыздар.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




