Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиев бірінші тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы барысы туралы баяндап берді. – Бірінші тоқсанында жүргізілген жұмыстар Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауларында, «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде белгіленген міндеттерді шешуге бағытталды, – деп атап өтті ол. Спикердің айтуынша, ауданда бірінші тоқсанда өнеркәсіп орындары 1140,8 миллион теңгенің өнімін өндіріп, өсім 100,6 пайызды құраған. Ал ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 3426,0 миллион теңгеге жетіп, нақты индекс 106,2 пайызға жоғарылапты. Негізгі қорға салынған инвестицияның жалпы сомасы 1541,8 миллион теңгеге жетіп отыр. Бөлшек сауда айналымы 2425,9 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 217,7 пайызға артқан. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 53545 гектарға орналастыру межеленген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 126,7 гектарға артық. Қазіргі таңда дала жұмыстары қызу жүргізілуде. Мал басы да жылдан-жылға артуда. Соның есебінен үш айда 2543,4 тонна ет, 6749,3 тонна, 1 миллион 169 мың жұмыртқа өндірілген. Баяндамашы аудандағы индустрияландыру картасы аясында іске қосылатын жобалар, құрылыс жұмыстары, елді мекендердің газбен, ауызсумен қамтылуы, автомобиль жолдарының жағдайы туралы айтып, білім, денсаулық, спорт және әлеуметтік, құқық салаларында атқарылған жұмыстарға да кеңінен тоқталып өтті. – Бүгінде ауданда күрделі жөндеуді қажет ететін 5 білім ошағы бар. Мәселен, Талас ауылындағы Н.Гоголь атындағы орта мектеп 640 оқушыға арналса, онда екі ауысымда 1225 оқушы қысылып-қымтырылып білім алуда. Сондай-ақ Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебінің сыйымдылығы 180 орындық болса, онда 446 бала оқып жатыр. Кейбірінде сынып бөлмелері жетіспегендіктен де Мәдениет үйінің бөлмелерін оқу бөлмесіне айналдырып отырмыз. Қазіргі таңда 3 мектептің жобалық-сметалық құжаты дайын. Қалғанын жасау үстіндеміз. Бізге бірінші кезекте осы нысандарды күрделі жөндеуден өткізу керек болып тұр, – деді Рахматілдә Сегізбайұлы өз есебінде. Ол жиын соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жан-жақты жауаптар қайтарды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді