Елбасы «Қазақстандық-тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейтуді тапсырғаны белгілі. Шын мәнісінде жас ұрпақтың отансүйгіш азамат болмағы – отбасындағы, білім алған мектебіндегі тәрбиеге тікелей байланысты. Ұрпақтар сабақтастығының үзілмегені маңызды.
Мәселен, ұлттық тәрбиенің өзіндік орны бар. Ата-бабаларымыз баланы кішкентайынан тай мінгізіп, асау үйреткізіп, жауынгерлік өнерге баулыған. Бертінде, кеңестік кезеңде де әр отбасында «Отан алдындағы борышыңды өтеу – парызың» деп бозбаланың құлағына құйып отыратын болған. Санаға сіңген сөзді міндет деп қабылдаған сол кездегі ұрпақтың бірде-бірі әскерден қашқан емес. Керісінше, әскерге баруды үлкен мақтаныш санайтын. Біздің әр уақыттың тәрбие берудегі ерекшеліктерін ескере отырып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты әскери бөлімдерінің барлық шекара заставалары орналасқан елді мекендердегі мектептерде «Шекарашылардың жас достары» үйірмесін құрғанымыз да, сондықтан.
Қазіргі кезде үйірмелер жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Жыл сайын жоғары сынып оқушылары үшін шекара шебінде экскурсия ұйымдастырып отырамыз. Осы арқылы жас өрен бір мезгіл шекара күзетудің қандай қиын екенін сезініп, сарбаз рухын сезінеді. Мұндай кездесулер кезінде біз күндіз-түні кірпік қақпай, өз қызметін абыроймен атқарған, ел шебін күзететін шекарашылардың жауынгерлік жетістіктерін насихаттап, марапаттап отырамыз. Сондай-ақ мектептердегі алғашқы әскери даярлық сабақтарына да шекарашылар өз тараптарынан қызметтік қолдау көрсетуді әдетке айналдырған.
Олжас АБДРАЙЫМОВ,
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Оңтүстік»
өңірлік басқармасының
аға офицері.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді