Нұрмұхаммед Кіші қажылыққа жолдама алды
«Әбу Бәкір әс-Сыдық» мешітінде VІІІ республикалық құран жарысына іріктеу өтті
Есет ДОСАЛЫ
Республикалық құран жарысы алдында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облыстағы өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл мен қазылар алқасының төрағасы, халықаралық құран жарыстарының жүлдегері Дулат Қолағұл сөз сөйлеп, байқаудың шарттарын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс шарты бойынша байқауға қатысушылар бірнеше аталым бойынша сынға түсті. Қазылар алқасының шешімімен «Жарты пара оқу» аталымы бойынша Рахымжан Жәпек жеңімпаз атанса, «Бір пара оқу» аталымында Имран Хамидов бас жүлдеге лайық деп танылды. «Құранды мәнерлеп оқу» аталымында Жалғасбай Жұбатқанов, «10 пара оқу» аталымында Сұлтан Нұрмахамбет, «20 пара оқу» аталымы бойынша Қуаныш Нұралиев, «30 пара оқу» аталымы бойынша Нұрмұхаммад Лиров үздік деп танылды.
Жарысты облыстың бас имамы Қанат Жұмағұл мен қазылар алқасының төрағасы Дулат Қолағұл қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломмен және сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ жарыстың үздік шыққан қариы Нұрмұхаммед Лировқа кіші қажылыққа жолдама берілді. Енді жеңімпаз атанғандар VІІІ республикалық құран жарыста бақтарын сынайтын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Қоқыс тазаланып, жеміс ағаштары егілді
- 10 қыркүйек, 2024
Жамбыл жастарының белсенділігі жоғары
- 10 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді