жаңбыр жауды да, көктем жырлады
Біздің жақтың көктемі ерекше! Әсіресе дүрия дала жасыл түске боянып, күннен-күнге құлпыра бастаған табиғат-ананың көркі көңіліңді сергітіп, жаныңды жадыратады. көп тілеуі болар, наурыз, сәуір айлары жаңбырлы болды. Көнекөздер мұны Тәңірінің мейіріміне балап жүр. Өйткені биылғы қыс жұмсақ болды. қар өте аз жауды. жұрт «құрғақшылық болатын шығар» деп қауіптенген. Наурыз туа еріп, жылға-жылғамен ағып жататын қар суын көрмегеніміз де рас, енді, Міне, Есесіне екі күннің бірінде Әулиеатаның аспанын бұлт торлап, жаңбыр жауып тұр. Кеше күн күркіреді! Тағы да қариялардың сөзі еске түседі: Көктем туғанда Алланың пәрменімен періштелер дабыл соғатын көрінеді. Бұл табиғат-ананы дүр сілкіндіріп, оятады екен... Биыл жер төсі ерте көгеріп, көк ерте қылтиды. Қызғалдақтың гүл ашқаны қандай әдемі! Сезіміңді түртпектеп, бойға әлдебір желік бітіргендей ме? Бір қызығы, ғұмыры қысқа бұл нәзік гүл бар-жоғы 7 күн, кейде 15 күнге дейін гүл ашып тұрады екен. Ендеше қаладан далаға шығыңыз, қырдағы қырмызы гүлдерге көз тойдырып, отбасыңызға демалып, серігіп оралыңыз.
[gallery bgs_gallery_type="slider" ids="97545,97546,97547,97548,97549,97550,97551"]Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




