Тәуелсіздік тудырған ғимараттар
Тартпас ел боп келеміз теңге мұңын,
Зерлеп жатыр далаңды зергер ұлың.
Зәулім-зәулім ғимарат бағасы ол да,
Құрыш қолды құрылысшы еңбегінің! Сағым болса бұ күні мұң да, қатер,
Еңбек жайлы жырлайық, тыңда, дат ел.
Қиылады көздер де жаңа үйлерге,
Бұйырады екен деп кімге пәтер?..
Тынысынан өлкенің жиған ақпар,
Тарихым тұр, ғасырға сыйған қатпар.
Таразымның ажарын аша түсті,
Тәуелсіздік тудырған ғимараттар.
Қарсы тұрса, тұрсыншы дұшпан алдан,
Ел боп өстік еңселі құшқан арман.
Мерекең құтты болсын құрылысшы,
Екі қолға бір күрек ұстап алған!
Табиғат Абаилдаев
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




