«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сенімді ақтаған серіктестік

Сенімді ақтаған серіктестік
ашық дереккөз
Сенімді ақтаған серіктестік

Қарыштап дамыған еліміздің қай түкпіріне бара қалсаңыз да, қарқынды құрылыс үстінен түсеріңіз анық. Қалаларда ғана емес, ауыл, елді мекендердің бірінде балабақша соғылып жатса, екіншісінде газ, су құбырлары тартылуда. Келесі бір ауылда жол жөнделіп, мектеп бой көтеруде. Ал, бұл істердің бәрінің басы-қасында алдымен құрыш қолды құрылысшылар жүретіні белгілі. Нысанның сапалы салынып, ел игілігіне уақтылы берілуі де алдымен солардың еңбегіне байланысты. 

Әлімбек Жұмабаев басқаратын «Альтайс групп» компаниясының еншілес кәсіпорны саналатын «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС аз уақыт ішінде облыста көптеген құрылыс нысандарын көпшілік көңілінен шығатындай салып, іске қосуда. Атап айтсақ, былтыр Тараздағы Қант зауыты аумағында 320 орындық балабақша құрылысын бітіріп, бүлдіршіндерді қуанышқа кенелтті. Қордайдың Масаншы ауылында 825 орындық мектеп құрылысын аяқтап, пайдалануға берді. Таразға жаңадан қосылған Құмшағал аймағына тас жол салу, электр және су жүйелерін тартуды қолға алды. Облыс орталығында орналасқан Төле би бабамыздың ескерткішінің құрылысын тәмамдады. Жаңатас қаласына, Байзақ ауданындағы Түймекент ауылына су жүргізуге бөлінген үкімет қаржысы да толығымен игерілді. Сөйтіп былтыр 2 миллиард 15 миллион теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылды. Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында биыл Қордай ауданындағы Кенен ауылына 600 орындық мектепті ел игілігіне ұсынды. Бүгінде Меркі ауданындағы 300 орындық мектептің құрылысын жүргізуде. Ел игілігіне берілетін осыншама нысанның құрылысын жүргізуді серіктестікке табыстау – биліктің, халықтың бізге деген сенімі, жұмыс сапасының жақсы көрсеткішке жеткені деп білеміз. Ал сенім үдесінен шығу – біздің басты міндетіміз. Мұнымен бірге «ТаразҚұрылысИнвест» әлеуметтік нысандар салуда да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Биыл жобалық-сметалық құны 538 миллион теңгені құрайтын денешынықтыру, спорттық-сауықтыру кешенін соғып, жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделуде. Құрылысшыларымыз Тараз қаласына іргелес Қостөбе елді мекені аумағында қуаты 40 тонна ет өңдейтін комбинаттың құрылысын да қатар жүргізуде. Жобалық құны 2 миллиард теңгеден асатын Тараздағы инженерлік құрылымдарды келесі жылы толығымен аяқтамақ. – Шеберлігіміз бен іскерлігімізді шыңдай бермекпіз. Мұндай үлкен табыстарға жету үшін жаңа техника мен білікті мамандардың орны ерекше. Сондықтан біз жыл сайын жаңа техника алып отырамыз. Жуырда ғана Германиядан темір жол, су каналдарын, автомобиль жолдарын бұзбай, астынан тесіп өтетін арнайы бұрғылау техникасын алдық. Мамандарды да іріктеу арқылы қабылдаймыз, – дейді серіктестіктің бас директоры, іскер басшы Болат Есенов.

Дәулетхан ӘЛІПБАЕВ, «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-ның  бөлім басшысы.

Ұқсас жаңалықтар