Өңірімізде жас таланттарға айрықша қолдау көрсетіліп келе жатқаны баршамызға аян. «Бала дауысы» байқауы – сол таланттарды танытуды, олардың талабын ұштауды көздейді. Өнерлінің алар асуы мол. «Жандану әлемі» республикалық қорының бірегей жобасы – «Бала дауысы» ұлттық балалар байқауының төртінші маусымына облыстық іріктеу Тараз қалалық Ықылас Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде өтті. Бұл шараны еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Мәдениет және спорт министрлігі, «Жандану әлемі» республикалық қоры бірлесіп жүзеге асырып келеді. Ұлттық жобаны ұйымдастырушылардың қатарында жүрген Толғанай Хасен мен Серік Гамза-Заде балғындарға сәттілік тілесе, аталған байқаудың былтырғы жүлдегері, жерлесіміз Ілияс Қорғанбай әсем әннен шашу шашты. Мұнан соң жанарларында от ойнаған өнерлі балалар байқауды бастап кетті. Осынау өнер аламанына 8-12 жас аралығындағы 17 үміткер қатысып, бақ сынады. Олар қазақ, орыс, ағылшын, түрік, француз әндерін шырқап, өздерінің барлық мүмкіндіктерін көрсетті. Бүлдіршіндердің таланты мен талабын музыкалық продюсер Фарида Ниязова басқарған қазылар алқасы тоғыз сағат бойы талдады, таразылады. Іріктеудің нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан өнерпаз анықталды. Облыстық іріктеу кезеңінің бас жүлдесін тараздық 12 жасар Ділнұр Атагелді иеленіп, республикалық додаға жолдама алды. Ол енді мамыр айында өтетін республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді