Ұлттық Банк бүгінде «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыруды жүзеге асыруда. Аталған ипотекалық бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы бері 2019 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша өңірдегі серіктес банктер 1,19 миллиард теңге сомасында 149 өтінім қабылдапты. Оның ішінде 611,4 миллион теңге бойынша 75 өтінім мақұлданса, 536,5 миллион теңге сомасында 64 тұлғаға несеие берілген. Оның ішінде 13 і білім, 3-і әскери, 2-і мемлекеттік орган, 8-і медицина, 2-і спорт, 1-еуі ауыл шаруашылығы, 1-еуі пошта, 7-еуі екінші деңгейдегі банктер, 12-ісі жеке ұйымдар қызметкерлері, 1-еуі жеке кәсіпкер, 13-і құқық қорғау органының, 1 еуі халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері екен. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ұлттық банкі Жамбыл филиалының директоры Евгений Шарыгин айтып берді. Ол «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ғимаратында «7-20-25» бағдарламасы бойынша ақпараттық орталық ашылып, онда серіктес банктер тарапынан бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алу бойынша кеңестер берілетінін де атап өтті. Айта кету керек, «7-20-25» бағдарламасы халыққа 7 пайыздық төмен мөлшерлеме бойынша, 20 пайыз мөлшерінде бастапқы жарна төлеу арқылы пәтер алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның аты айтып тұрғандай, ипотекалық несие 25 жыл ішінде төленуі тиіс. Бұл – өте тиімді шарт. Бағдарламаға меншігінде баспанасы және ипотекалық қарыздары жоқ әрбір Қазақстан азаматы қатыса алады. Қатысушының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуы қажет. «Тұрғын үй сатып алу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында бағаның ең жоғары шегі 25 миллион теңге, ал қалған өңірлерде, оның ішінде Жамбыл облысы үшін – 15 миллион теңге деп белгіленген. Бүгінде Ұлттық Банк қарызгерлерге 20 пайыздан жоғары алғашқы жарнаны ұсыну және банктердің бағдарлама қатысушыларының санын көбейту мүмкіндігін ұсынып отыр» – деді баяндамашы. Облысымызда бүгінгі күні 7 банктің филиалы белсенді жұмыс істеуде. Олар –ЦентрКредитБанк, АТФ банк, Қазақстан Халық Банкі, Цесна банк, Еуразиялық банк, ForteBank және Тұрғынүйжинақ банкі филиалдары. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен жиынға «ForteBank» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры Гүлзат Бекназарова да қатысты. Ол 7-20-25 бағдарламасына «ForteBank» АҚ былтырғы жылдың қазан айынан бастап қатысып жатқанын, жарты жыл ішінде 128 миллион теңгеге 21 өтінім қабылданып, соның ішінде 12,5 миллион теңге көлемінде 2 несие берілгенін жеткізді. Сондай-ақ Гүлзат Мұратқалиқызы бағдарламаның басты артықшылықтарын, қатысу шарттарын және тұрғын үй алудың 5 қадамын атап өтті. Яғни алғашқы қадам – тұрғын үй тауып, банкке арыз білдіреді, содан соң банк өз тарапынан арызын қарастырып, несиенің берілуін растайды. Несие алушы келісімшарт жасайды және алғашқы жарнаны банкке құяды. Банк несиені рәсімдеп, құрылыс салушыға ақша аударады, одан әрісі белгілі – клиент жаңа тұрғын үйге қоныстанады. Хабарламашы осы қарастырылған шарттардың арасында қосалқы қарыз алушы – толық табыс көзі расталған жақын туысы болуы тиіс екеніне назар аудартты.
Қарлығаш Есбергенова
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді