Наурыз мерекесіне орай облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Қазақ соқырлар қоғамы» облыстық филиалымен бірлесіп, «Салт-дәстүрім – қазынам!» атты іс-шара өткізді. Шараға зағип жандар, БАҚ өкілдері шақырылды. Шараны «Қазақ соқырлар қоғамы» облыстық филиалының төрағасы Аман Мұратов және көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Айгүл Оразқұлова сөз сөйлеп ашып, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Мұнан соң аталған кітапхана қызметкері Гүлнұр Құрақбаева «Саған халқым» әнін орындап, жұрт көңілін көтерді. Кітапханашылар Махмұд Пірманова «Атадан ақ бата», Қолқанат Оңғарбаева «Өмір солай» әндерін шарықтатты. Шара барысында халқымыздың түсаукесер, бесікке салу дәстүрлерінен көріністер қойылды. Сондай-ақ 150 зағип жанға наурыз көже беріліп, бауырсақтар таратылды. Бұл шараға «Ташкент» шайханасының қожайыны Батыр Бахриев демеушілік жасап, қолдау көрсетті. Осылайша, көңілді өткен мерекелік кеш зағип жандар көңіліне қуаныш сыйлады.
Е.Жаңабайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
«Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз»
- 30 сәуір, 2026
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




