Жыр жинағы таныстырылды
Ұлбике ақын атындағы аудандық мәдениет орталығында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Үміт Битенованың «Туған жер – жырым да сен, сырым да сен!» атты шығармашылық кеші өтті. Әдеби шараны аудандық мәслихаттың хатшысы Арқабек Төлебаев, аудан әкімінің орынбасарлары Дулат Оспанов пен Серік Дадабаев сөз сөйлеп ашып, кеш иесіне сый-құрметтерін көрсетті. Мұнан соң Үміт Қыранқызы залға жиналған көрерменнің алдында бірнеше жаңа өлеңін оқып, жұрттың ыстық ықыласына бөленсе, ақынның кешін Ерлан Өтениязов әсерлі жүргізіп отырды. Кеш иесі өзінің ел алдында, радио, телеарналарда жиі орындалып жүрген танымал әндерінің шығу тарихына кеңінен тоқталып, жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді. Шара барысында ақынның сөзіне жазылған «Ақ қанат көбелек, аппақ қар» әнін бірнеше ән байқауларының жеңімпазы Бекзат Сейдуалиева, «Мама» әнін жас әнші Салтанат Оразбай шеберлікпен орындаса, «Қыздар, қыздар» әні де жүректерді шымырлатты. Кеш барысында ақын Үміт Битенованың «Мендегі іңкәр махаббат» өлеңдер жинағы және «Қай жерден кетті қателік?» атты прозалық кітабы таныстырылды. Салтанатты рәсімде облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина, облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Сайлаухан Ашанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байұзақ Көлбаев, облыстық «Іскер әйелдер» қауымдастығының өкілі Оразкүл Тастемірова, кәсіпкерлер Туғанай Жолақова мен Клара Кайыпова, ТарМПУ-дың профессоры Клара Көшімбетова, ардагер Гүлнар Тұрсынбекова сөз сөйлеп, ақынға шығармашылық табыс тіледі. Жерлес ақынның өлеңдері өмірдің өзіндей екенін айтып өтті. Кейіннен Қаратау қаласындағы №1 мектеп-лицей мен Д.Қонаев атындағы мектептің оқушылары Үміт ақынның өлеңдерін жатқа оқып, жырға, өнерге деген құрметтерін көрсетті. Кеш соңында Үміт Битенова шараға келген қонақтарға және өлеңсүйер қауымға зор ризашылығын білдірді.
Е.Жаңабайұлы.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ертеңін ойлаған ел білім мен тәрбиеге ден қояды
- 12 қыркүйек, 2024
Жайлы мектептердің құрылыс барысын тексерді
- 10 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді