Экономика
Қазақстанда құрастырылған көліктер Ресей нарығына шықпақ
- author «Ақ жол»
- 7 тамыз, 2014
- 523
Қазақстанда құрастырылған көліктер Ресей нарығына шықпақ
Қазақстанда құрастырылған SsangYong Nomad көліктері жақын арада Ресейде сатылатын болады, деп хабарлады AllurGroup автомобиль компаниялары тобының баспасөз қызметінен.
Компанияда атап өткендей, бұл үшін экспорттың түрлі амалдары қарастырылыпты.
«Бұл мәселені оңтүстік кореялық серіктесіміздің қатысуымен шештік. Яғни Nomad көліктерін SsangYong Motor Company компаниясы бізден сатып алып, кейін оны Ресейге тасымалдаумен айналысады. Бұл тиімді шешім деп ойлаймын. Осылайша Nomad көлігінің сапасына Ресейдегі серіктестіктер сенетін концерн жауап береді», - деді AllurGroup президенті Андрей Лаврентьев.
SsangYong Nomad көлігінің негізгі артықшылығы ол CKD әдісімен құрастырылған, бағасы да бәсекеге қабілетті.
Еске сала кетейік, бір жыл бұрын SsangYong Motor Company-дың Ресейдегі өкілі - «ДЦ СанЙонг» Қазақстанда құрастырылатын оңтүстіккореялық маркілі көліктер Ресей нарығына шықпайтынын айтқан. Оған «ДЦ СанЙонг» брендтің Ресейдегі жалғыз өкілі және «SsangYong» тауарлы белгісі лицензиясының иесі» болуы негіз болған.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




