Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың сөзіне сүйенсек, биыл медицина субъектілерінен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу жұмыстары тоқтатылмақ. Өйткені әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл халыққа тегін қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт бекітуді аяқтап отыр. «Осылайша олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындамақ. Келесі жылы медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады», – дейді Марат Сейітбекұлы. Жалпы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы берген мәліметте жыл басында әлеуетті жеткізушілер дерекқорына өңірде 118 медицина мекемесі енгені көрсетілген. Оның 36 пайызы – мемлекеттік, 64 пайызы – жекеменшік клиникалар. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірген емдеу мекемелерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 6-ға артқан. Ал негізі медициналық көмек көрсететін жеткізуші ұйымдармен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 48 миллиард 224 миллион теңгені құрайды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» қаңтар айында мемлекеттік тапсырысты алу туралы облыстың 88 медицина ұйымымен келісімшарт жасасты. Оның 49-ы – жекеменшік клиникалар. Бұл көрсіткіш те былтырғымен салыстырғанда 2-еуге артқан», – деп мәлімдеген болатын филиал директоры Мавлюда Жапсарбайқызы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте. Осылайша жекеменшік емдеу мекемелері де стационарды алмастыратын көмек түрлерін көрсетуге белсенді түрде атсалысуда. Сонымен қатар стационарлық, емханалық-амбулаторлық, ауылдық жерлердегі емханалық-амбулаторлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсету бағытында да олардың үлесі басым екен. Қазіргі таңда мұндай клиникалар көрсететін медициналық көмек түрлері де көбейген. Мәселен, олар оңалту және қалпына келтіруге бағытталған көмек пен стоматологиялық қызмет көрсетуде ерекше белсенділік танытып отырғаны анықталған.
Альмира Маратқызы.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




