Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде министр Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен өткен қоғамдық кеңесінің бірінші отырысында полиция қызметін бағалаудың жаңа талаптары қаралып, Ішкі істер органдары қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамы қабылданды. Азаматтық қоғамның 20 өкілі – белгілі қоғам қайраткерлері заңгерлер, құқық қорғаушылар, журналистер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қабылданған кеңестің жаңа құрамы биылдан 2022 жылға дейін жұмыс істейді. Министр Ерлан Тұрғымбаев қоғамдық кеңес мүшелеріне белсенді азаматтық позициясы мен ішкі істер органдары қызметіне айрықша назар аударғандары үшін алғысын білдірді. Полиция қызметінің басты ұстанымы – ашықтық пен айқындық. Қазақстандық полиция азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қоғаммен ашық диалогқа әрқашан дайын екенін атап өтті. Қоғамдық кеңес – бұл полиция жұмысын жақсарту, полицияның халыққа жақын болуы, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күресте мемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың ынтымақтастығын, құқықтық сананы және заңға бағынушылықты арттырудың тиімді құралы болып табылады. – Кеңес қызметі ең алдымен қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді, халық пен полиция арасында өзара қарым-қатынас проблемалары туралы алдымен хабардар болуға мүмкіндік туғызады, – деп атап өтті министр. Сондай-ақ ол кеңес мүшелеріне ішкі істер органдарының реформасы туралы айтып берді. Ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Ерлан Тұрғымбаев 54 іс-шараны қарастыратын, 9 негізгі бағыттан тұратын Жол картасын іске асыруда қоғамдық кеңестің белсенді атсалысатына сенім білдірді. Отырыс барысында қоғамдық кеңестің төрағасы болып М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ құқықтық әділ сот және ғылыми құқықтық сараптамалар жөніндегі ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі, профессор Марат Қоғамов сайланды. Жаңа сайланған төрағаның басшылығымен қоғамдық кеңес ІІО жаңғырту жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында әзірленген полицияның қызметін бағалаудың жаңа критерийлер жобасын қарады. Талқылаудан кейін кеңес мүшелері ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге және нәтижелі реформалауға бағытталған конструктивті ұсыныстар жасады.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді