Жұмашев Рамзан Қадыровқа қызмет етуі туралы айтып берді
- author «Ақ жол»
- 7 тамыз, 2014
- 758
Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың қазақстандық кеңесшісі Аян Жұмашев өзінің жұмысы жайлы айтып берді.
Қадыров қазақстандықты әлеуметтік желіде сөйлескеннен кейін жұмысқа шақырған. Шешенстанға келгеннен кейін Аян Жұмашев оған өз жоспарлары туралы айтып, жұмысқа қалуға ұсыныс алған. Жұмашевтің айтуынша, жер аударылған шешендерді Қазақстанның өз бауырына басқанын жақсы білетін Шешенстан халқы мұны жақсы қабылдаған. «Сол себепті мұнда қазақтарға мейірімділікпен, бауырластықпен қарайды, әр отбасының қазақтармен байланысты хикаясы бар», – дейді Аян. Аян Жұмашев Рамзан Қадыровтың талапшыл әрі еңбексүйгіш адам екенін айтты. Қазақстан азаматы республика басшысы сияқты өз қызметінде кешке дейін жұмыс істейді, оған күніне 4-5 сағат қана ұйықтауға тура келеді екен. «Үйден жырақта ол маған әке, аға сияқты, мен одан үлгі аламын», - дейді Жұмашев.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




