Төрехан Жұмабековті көпшілік әнші, мәдениет саласының білгірі, мықты ұйымдастырушы ретінде жақсы таниды. Ол кейінгі кезде №23 орта мектепте ұстаздық қызмет атқарып, балаларды өнер жолына баулып жүр. Жақында Төкең «Нұрғисаның мұралары» атты шеберлік сабағын өткізді.
Бұл іс-шара қазақ саз өнерінің корифейі, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына арналды. Кездесуге жиналған барлық тыңдармандар мен оқушылар композитордың өмірі, өнер жолы туралы толыққанды мағлұмат алды. Баян, домбыра, фортепиано секілді аспаптарда орындалған музыкалық туындылар арқылы шараның ажары ашылып, өнерге деген құрмет көрсетілгендей болды. Шеберлік сабағы барысында аңызға айналған даңқты тұлға Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау», «Куә бол», «Әке туралы жыр», «Саржайлау», «Құттықтаймын мама» әндері орындалып, «Сүйінбайдың сазы», «Бақытбайдың әуені», «Ата толғауы», «Көш керуен», «Жекпе-жек», «Мұрагер», «Әлқисса» атты күйлері күмбірледі. Бір шеберлік сабағында осыншама мол мұраның қамтылуы Төрехан Жұмабековтің ұстаздық тәжірибесінің молдығын байқатады. Шараға музыка саласының мамандары, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Саз өнері дәріптелген кездесуді аталған мектептің диреткоры, Білім беру ісінің үздігі Ардақ Рысбаева қорытындылап, мұндай шеберлік сабағын ұйымдастыру талантты адамдардың ғана қолынан келетінін айтып, Төрехан Жұмабековке алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді